АймақҚарағанды

Қарағандыда жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Оңтүстік-шығыс ауданында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов және қала, облыс маслихатының депутаттары қатысты. Іс-шара барысында билік өкілдеріне департамент бастығының бірінші орынбасары учаскелік полиция пунктінің ерекшеліктерін атап, олардың жұмысымен таныстырды.

Сурет: облыстық ПД

– Учаскелік полиция пункті облыс әкімінің қолдауымен, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестік концепциясының негізінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жердегі қызметкерлердің негізгі жұмыстарының бірі – халықпен етене тығыз полицияның сервистік жүйесі негізінде жұмыс жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз. Басты міндет – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Сондай-ақ департамент бастығының бірінші орынбасары өз сөзінде учаскелік полиция инспекторларының қызмет барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстап, халық арасында «нөлдік төзімділік»  бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыратынын айтты. Учаскелік полиция пунктіндегі қызметкерлерге өздері қадағалайтын аумақта халықпен ақпарат алмаса жұмыс жүргізіп, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға жол бермей азаматтармен құқық қорғау органының бірлескен жұмыстарының үлгісін көрсету бағытында міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар жаңадан ашылған учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторларының жұмысын цифрландыру, қызметтік планшеттеріне өздері қадағалайтын аумақта орналасқан бейнебақылау камераларына бақылау енгізу бойынша жұмыстар пысықталып жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын тәртіп сақшыларына әрқашан билік өкілдері тарапынан полицияның материалдық-техникалық базасын жаңартуға көмек көрсетілетінін, биылғы жылы 19 учаскелік полиция пунктінің күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button