Жаңалықтар

Қарағандыда “Қыран қазақ” спектаклінің премьерасы өтеді

 Қарағанды қаласындағы К.Станиславский атындағы театрда 5 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойына арналған “Қыран қазақ” спектаклінің премьерасы өтеді.
Спектакльді Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры сахналайды. Пьесаның авторлары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актёр-драматург Кеңес Жұмабеков және оның ұлы Мейрам Жұмабеков. Қоюшы режиссёр – Ш. Айманов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. Қоюшы суретші – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқов.

Нұркен Әбдіровтың рөлін  Бауыржан Нұрмағамбетов пен Ақай Жұмамұратов орындайды. Ал, Нұржібек Жансүгірова мен Бижамал Кемалова батырдың анасының рөлін сомдайды. 
Спектакль сағат 17.00-де басталады. Билет құны – 1000 теңге. 

Басқа материалдар

Back to top button