Аймақ

Қарағандыдағы жаппай улану: балалардың неден уланғаны неге әлі күнге дейін айтылмады?

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Кеше бір бала көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

 

Министрдің айтуынша, зертханалық зерттеулер әр түрлі кезеңдерде жалғасып жатыр. Бір-екі айға созылатын зерттеулер бар.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның тексеру қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Мұнда жұқпалы аурулар нұсқасы алынып тасталды. Балалардың барлық биологиялық материалдары неден уланғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

– Балалар толық ем алып жатыр. Оларды дәрігерлер улы заттан туындаған аурулар туралы хаттамамен емдейді. Барлық республикалық үздік мамандар оларға күн сайын кеңес береді, қажет болса сол жерге барады. Неліктен біз балаларды бірден республикалық деңгейге жеткізбедік, өйткені тасымалдау олардың жағдайын нашарлатады. Балалар әлі аппаратта жатыр. Қазір екі бала ӨЖЖ аппаратынан алынып, неврологиялық бөлімшеге ауыстырылуда, – дейді Ажар Ғиният.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button