АймақБас тақырып

Қарағандыдағы жаппай улану: Ажар Ғиният балалардың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағандыға жұмыс сапары барысында облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барып, зардап шеккен балаларға медициналық көмек барысымен танысты, деп хабарлайды ortalyq.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан түскен 14 баланың 5-і бүгінде ем алуда. Балаларда оң динамика байқалады, естері анық, ерте оңалып келеді, – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Өз сөзінде министр жас пациенттердің денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтты. Балаларды емдеу тәсілін республикалық мамандар үнемі бақылайды.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың жағдайына және оларға медициналық көмек көрсетуге тұрақты мониторинг жүргізеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button