Қарағандыда тағы бір шахтадан өрт шықты
Қарағанды облысында «Саран» шахтасынан өрт шықты.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасында түнде өрт шыққаны белгілі болды. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды.
– 27 тамыз күні сағат 01:55-те «Саран» шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда, – деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz