Аймақ

Қарағандыда шетелдіктерді жұмысқа жеккен 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешені құрылыстарында тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үй кешендерін аралау барысында полиция қызметкерлері құрылыс басшыларына шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартуды болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс кезінде бірқатар құрылыс объектілерінде заңсыз жұмыс жасап жатқан шетел азаматтары анықталды.

Тиісті құжатсыз жұмыс жасап жатқан шетелдіктер Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін елден шығаруға дейінгі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 181 адам тартылса, оның 167-сі шетел азаматы. Оның 24 -іне сот елден шығару шешімін шығарды. 14 жұмыс берушіге жалпы құны 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Қарағанды облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы жұмыс берушілерге шетелдіктерді жұмысқа тарту кезінде көші-қон заңнамаларын қатаң сақтауды ескертеді.

– Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) сәйкес жауапкершілікке тартылып, 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны жайлы еске саламын. Сондай-ақ осындай әрекеттер үшін ҚР ҚК-нің 395-бабына (Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу) сәйкес 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 50 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын ескертемін, – дейді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марина Тен.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button