«Қазақстан» шахтасындағы өрт: бір адамның денесі табылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған өрттен зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар төрт адамды іздестіруде. Бір адамның денесі табылды. Шахта ішінде қатты түтін болуына байланысты іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды. Өрттің себептері анықталуда.

– «Қазақстан» шахтасында зардап шеккен екі адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар жан сақтау бөлімшесіне жатқызылды, – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының  штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, оларға алғашқы көмек көрсетілді. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.