Қарағандыда үш автобус соқтығысқан

Бүгін сағат 14:25 шамасында Қарағандыда ірі жол-көлік оқиғасы болды. «Қарағанды-Майқұдық» тас жолында үш автобус соқтығысқан. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді

Алдын ала болжам бойынша, №56 бағыттағы автобустың 61 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, соңында келе жатқан №40 автобуспен соқтығысқан. Дәл осы кезде артқы жақта келе жатқан №56 автобус алдыңғы көліктерге соғылады.  

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен №56 автобустың жолаушыларына медициналық көмек көрсетілді.

Қазір оқиғаның себеп-салдары тексерілуде.