Қарағандыда патруль көлігі жол апатына ұшырады

Қарағанды қаласында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Оқиға 4 ақпан күні болған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, Audi автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, патруль көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қазір іс бойынша сараптама жасалып, тергеу жүргізілуде.