Бас тақырып

Қарағандыда «Қорғау» жүйесі мыңдаған құқық бұзушылықты анықтады

Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қорғау» автоматтандырылған жүйесі тиімді қолданылып келеді.

Сурет polisia.kz

Бұл заманауи құрал полиция қызметкерлеріне нақты уақыт режимінде іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтауға және айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерді жедел түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері аталған жүйенің көмегімен өңірде 5 282 көлік құралы тоқтатылып, 188 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде деректері анықталмаған 161 көлік, сонымен қатар көлікті басқару құқығынан айырылған 109 жүргізуші анықталды. Жеке сот орындаушыларының бағдарламалары негізінде 55 жүргізуші ұсталып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланудың 59 дерегі тіркелді. Бұдан бөлек, ірі көлемде айыппұл берешегі бар 13 жүргізуші ұсталды.

Қарағанды облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімовтың айтуынша, «Қорғау» жүйесі жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін арттыруға және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүйе жұмысы алдағы уақытта да жалғасып, өңірдегі жол қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button