Бас тақырып

Қарағандыда ерекше кітапхана ашылды

Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Республика күніне орай «Өлкетану» кітапханасы ашылды. Кітапхана шыны киіз үй түріндегі ерекше дизайнмен жасалған. Әрі ерекшелігі де осында. Мұнда қала тұрғындарына қажеттілердің бәрі бар. Әрі бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі жағдай да жасалған.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Заманауи кітапханада тек кітап оқып қана қоймай, уақытты тиімді өткізуге болады. Мәселен, үстел ойындарын ойнап, домбыра шертуге болады. Одан бөлек караокемен ән де шырқауға рұқсат. 

Алдағы уақытта шеберлік сабақтар мен түрлі мамандық иелерімен кездесу жоспарлануда. 

– Кітапхана өлкетану бағыты бойынша жұмыс істейді. Мұнда жергілікті жазушылармен кездесулер өткізіліп, республикамызда тұратын адамдардың шығармашылығы туралы айтылады. Әсіресе балаларға патриоттық тәрбие беру үшін жазатын жазушылардың шығармашылығы таныстырылады. Біз балалар әдебиетінің, тарихи кітап қорын жинадық. Мұнда сіз отбасыңызбен келіп, оқи аласыз. Эссе жазу үшін компьютерлер мен интернетті пайдалануға болады. Бізде мобильді кітапхана да бар. QR сканерлеп, электронды кітапты өзіңізбен бірге ала аласыз, – деді Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлжан Ахметкәрімова. 

Кітапханада оқу залы, абонемент те жұмыс істейді. Тұрақты оқырман болу және кітаптарды өзіңізбен бірге алу үшін жазылу керек.

Кітапхана сейсенбіден жексенбіге дейін, яғни, 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс – дүйсенбі. Айта кетейік, кітапхана кішкентай балаларға да, ересек аудиторияға да арналған.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button