Жаңалықтар

Қарағандыда екі мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

Биылғы жылдың алғашқы ҰБТ Қарағанды облысында 18 және 19 қаңтарда өтті. Оған 2059 мектек оқушылары мен шартты түрде оқуға қабылданған бірінші курс студенттері қатысты. Бестілеу ақылы түрде жүргізілді. 


ҰБТ арнайы әзірленген сегіз бөлімшеде өтті: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде және Жаңаарқа, Осакаровка, Қарқаралы аудандары мен Балқашта төрт жалпы білім беру мектептерінде. 
Тестілеудің орташа балы, шығармашылық емтиханды есепке алғанда 59.6 құрады. Егер оны есепке алмасақ, абитуриенттер орташа есептегенде 61.1 ұпай жинады. 
ҰБТ ең жоғарғы ұпайды Қанат Мәжікен – 126 және Фатима Асадуллаева – 125 алды. Екі түлек сегіз балл жинаған, бұл қаңтардағы тестілеудің ең төменгі көрсеткіші. 
Тек бір ғана түлек апелляциялық шағым түсірді. Өтініш қаралды, алайда оған қосымша ұпай қосылмады. 
709 оқушы ақылы түрде ЖОО оқуға түсуге қажетті, межеленген 50 баллды ала алмады.
Тест тапсыру талаптарын орындамаған төрт абитуриенттің нәтижелері есепке алынбады. 
Еске сала кетейік, ЖОО оқуға түскісі келетін түлектердің ҰБТ ақылы түрде наурыз айында қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ақылы түрде тест тапсырушылар мемлекеттік білім гранттарына қол жеткізу мақсатында маусым айында өтетін ҰБТ негізгі кезеңіне қатыса алады.

 

Басқа материалдар

Back to top button