АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда дүниеге үшем келді

Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданындағы Облыстық клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Жаңа туған екі ұл мен қыз жақында анасымен бірге орталықтан шығады.

Сурет: облыстық денсаулық сақтау басқармасынан

Қарағандылық Тілек Аяғанованың бұл – босануы. Ол осылайша, көпбалалы ана атанып отыр. Жас ана екінші ультрадыбыстық зерттеуде бір өзгерістің бары туралы білсе де, үшем болатынына сенбеген.

– Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Отағасы бізді әлі көрген жоқ. Бірақ, күн сайын қоңырау шалып, жағдайымызды сұрайды. Не ұл, не қыз деп ойлағанбыз. Ал, үлкен қызымыз төрт жаста. Есімі – Айым. Енді оның екі бауыры мен бір сіңілісі бар. Медицина қызметкерлеріне, Жарқын Сыздыққызына, Меруерт Рахметолақызына шексіз алғыс айтамын. Дәл осы ауруханаға түскеніме өте қуаныштымын, маған мұнда жақсы қарады, – дейді үшемнің анасы Тілек Аяғанова.

Бірінші болып ұлдар дүниеге келген. Олар – 2190 грамм, бойы 45 см және 1850 грамм, 43 см болып дүние есігін ашқан. Одан соң 2050 грамм қыз дүниеге келді. Үшемнің есімдерін Дінмұхамед, Дінислам және Айша деп қойған.

– Үшемнің анасы перинаталдық орталыққа босанар алдында жатқызылған болатын. Үшемдерде кесар тілігі арқылы босанатыны алдын ала жоспарланған. Анасы бұл жайлы білді және оң көзқараста болды. Үшемнің анасы өзін жақсы сезінуде, жақын арада үйге шығарылады. Балалар анасымен бір палатада. Жақсы салмақ қосып ата-аналарын қуантуда, – дейді №2 перинаталдық орталығының жетекшісі Жарқын Нұркеева.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button