Жаңалықтар

Қарағандыда белгісіз көлік жүргізушісі 69 жастағы ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

10 шілдеде Қарағанды қаласындағы Nomad arena спорт кешенінің жанында жұмыс істеп жүрген 69 жастағы ер адамды көлік қағып кеткен. Көлік тізгіндеген белгісіз жүргізуші қарт адамды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

 

Ер адам сол күні ауруханаға жеткізіліп, келесі күні ота жасалды. Қазір жәбірленушінің туыстары көлік жүргізушісін іздестіруде.

– Көлік әкемді қағып, оқиға орнынан қашып кетіпті. Көліктің тек қарв түсті екенін қана көріп үлгерген. Одан басқасы есінде жоқ. Есеңгіреп орынан тұрған. Телефоны да сынып қалыпты. Не істерін білмей, «Восток-5» пен «Көгілдір тоғандар» аялдамасының ортасында орналасқан жұмыс базасына жарты сағат жаяу жүріп барған. Әріптестері әкемнің жағдайын көріп, жедел жәрдем шақырыпты. Полиция қызметкерлері де келген, – дейді жәбірленушінің ұлы.

Оқиға облыстың полиция департаментінде тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіруде.

– Полицияға хабарласып, бейнебақылау камераларын қарадық. Әкемнің жүріс-тұрысы анық көрсетілген. Үстінде арнайы жасыл түсті киімі бар. Жанынан талай көлік өткен. Бірақ, жол-көлік оқиғасының өзі камераға түспей қалған. Енді куәгерлерді іздестіріп жатырмыз. Ең болмаса көзбен көрген біреулер бар шығар. Сол кісілерден бізге хабарласуларын сұраймыз, – деді жәбірленушінің ұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button