Қарағандыда базар аумағында өрт болды

7 ақпан күні түнгі уақытта Қарағанды қаласындағы «Шығыс» базары аумағында қойма өртенді, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт шыққаны туралы ақпарат кезекші пультке түнгі 21:06-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде қойманың ағаш шатырын жалын шарпығанын көреді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 23:18-де тілсіз жауды ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.