Қарағандыда бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

Аяз күшейуіне байланысты Қарағандыда 1-ші және 2-ші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Қарағанды қаласының білім бөлімі хабарлады. Дәл қазір кеншілер шаһарында сынап бағанасы -24-26°С көрсетіп тұр. Желдің жылдамдығы — 4-5 м/с.