Қарағанды

Қарағандыда балалар темір жолы іске қосылуға дайындалуда

Қарағандыда балалар темір жолын іске қосуға дайындалып жатыр. Аттракционның нақты жұмыс уақыты әлі белгілісіз – қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін ашылады деп жоспарлануда.

“Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы” КМК қызметкерлері тепловоздың дизельді қозғалтқышына профилактикалық жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жарамсыз болып қалған шпалдар ауыстырылып, бағыттамалы бұрмада жаңа контррельс орнатылды.

Вагондардың сыртын бояу ғана қалды. Олардың іші қалыпқа келтірілген.

– Біз алғашқы сынақ рейсін жасадық, ол барлық тетіктердің дұрыс жұмыс істейтінін көрсетті, – деді ТЖД бастығы Виктор Луценко.

Балалар темір жол станциясы орталық саябақтың түпкір бөлігінде орналасқан. Биыл саябақ аллеясында аттракционды оңай табуға көмектесетін жаңа көрсеткіштер орнатылады. 

Басқа материалдар

Back to top button