Басты тақырыпКоронавирус

Қарағандыда бағдаршамның жасыл түсін шақыру батырмалары сөндірілді

Қарағандыда реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі  бағдаршамның жасыл түсін шақыру батырмалары уақытша  сөндірілді. Мұндай шара қала тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Енді жаяу жүргіншілер жолдан өту үшін бағдаршам түстерінің автоматты өзгеруін күтуі тиіс. 

«Біз бұл жұмысты 1 сәуірден бастап жүзеге асыра бастадық және екі күн ішінде барлық шақыру батырмаларын автоматты тәртіпке ауыстырдық. Бұрын жаяу жүргіншілерге бағдаршамның жасыл түсін шақыру батырмасын басу керек болса, қазір мұны істеу қажет емес. Бұл жерлерде сигналдық құрылғылар енді белгілі бір цикл бойынша жұмыс істейді. Мысалы, машиналар үш минут жүреді, содан кейін бағдаршам автоматты түрде ауысады және адамдар өте алады», – деді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.

Қарағанды қаласында мұндай 46 батырма бар. Төтенше жағдай режимі аяқталған соң олар бұрыңғы қалпынша жұмыс істей бастайды.
Егер сұрақтар туындаса, +7-777-201-71-13 нөміріне хабарласуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button