Жаңалықтар

Қарағандыда азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізетін бірыңғай ақпараттық сервис құрылды

Belsendi Azamat жобасының командасы облыс әкімдігі мен ақпараттандыру басқармасының қолдауымен қарағандылықтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізудің бірыңғай ақпараттық қызмет әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғындарына супермаркеттерден, дәріханалардан, мейрамханалардан және пиццерияларда жасалған тауарларға тапсырыс беруді ұсынады.

Жаңа сервис коронавирустың таралуына байланысты қазір адамдао көп шоғырланатын жерлерге бармауға көмектеседі. Жеткізу сервистерінің курьерлері тапсырыстарды жеткізіп береді. Сатып алуларды онлайн режимінде қолма-қол ақшамен де, картамен де төлеуге болады.

Сайтта Burger King, KFC, «DODOпицца» пиццериялары, «Аян» супермаркеттер желісі және басқа да тез тамақтану мейрамханалары желісінен тапсырыс туралы ақпарат бар. Платформада мейрамханалардан дайын тағамдарды интеграцияланған сервистер арқылы жеткізу қызметі бар emenu.kz және kura.kz. ауыз суды «Хрустальная» компаниясы жеткізеді.

Дәрі-дәрмек Europharma және Биосфера дәріханалары желісінен жөнелтіледі.

Жақын арада сайтта такси шақыру опциясы пайда болады және азық-түлік емес тауарлар дүкендерінің тізімі кеңейтіледі.

Платформада жеке автокөлігі бар және көліксіз курьерлерге бос жұмыс орындары ашылды. Өтінімдерді онлайн режимде қабылдайды.

Жаңа сервисті келесі сілтеме бойынша пайдалануға болады https://ba09.kz/.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button