Бас тақырыпОблыс әкімі
Жеңіс Қасымбек: “Қарағандыда «Қасым үйі» ашылады”
Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК халық алдындағы есеп беру кездесуінде биыл Қарағанды қаласында «Қасым үйі» ашылатынын хабарлады.

- Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында 125 жаңа нысан салынып, 48 ғимарат жөнделді. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, бағалы ғылыми жаңалықтар ашылып жатыр. Жас қаламгерлерге, мәдениет пен өнер саласына нақты қолдау көрсетілуде. Қарағандылық ақын-жазушылардың ұсынысымен жыл соңына дейін Қасым Аманжоловтың үйін ашамыз деп жоспарлап отырмыз, – деді аймақ басшысы.