Бас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Қарағандыда алғашқы ІТ сыныптар ашылды

Бүгін Қарағандыда республика көлеміндегі алғашқы ІТ сыныптар ашылды.

Жоба шет тілін жетік меңгерген оқушылар тәлім алатын «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында бастау алды. Соңғы қоңырау салтанатында түлектерді құттықтаған облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ мектептегі инновациялық жобалармен танысты.

  • Үштілде оқитын оқушылар мен майталман мұғалімдер сабақ беретін «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты – алдымен, Елбасы бастамаларының жүзеге асуына мүмкіндік беріп отырған білім ошағы. Мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген үштілді оқушылар тәлім алады. Қазақстанымыздың болашағы осындай болуы керек, – деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов.

Бүгінгі таңда «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының 7-9 – сынып оқушылары үшін биология, математика, информатика, физика пәндері ағылшын тілінде, ал, 6-9 – сыныптарда екінші шет тілі – француз тілінде өтеді. Соңғы үш жылда мектептің 13 оқушысы АҚШ-та өтетін халықаралық конференцияға қатысушылар қатарында. Мысалы, 11 сыныптың оқушысы Ж.Дәулетбаева Жапониядағы «Сакура» ғылыми бағдарламалары бойынша тәжірибе алмасуда Қазақстан құрамасының мүшесі екен. Мектептің тілді жетік меңгерген 33 оқушысы ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері.

Қадиша ОСПАНОВА, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

  • «Нұр Отан» партиясы бастамашы жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Облысымызда алғаш ІТ сыныптар жұмысын бастады. Жалпы, биыл облыс бойынша 22 ІТ сыныптар ашу жоспарда бар. Қала, аудандарда, сондай-ақ, 3 колледжде және балалар мен жасөспірімдер сарайында ашылмақ. Басты мақсат – факультативті сынып сабақтарын дамыту, яғни, оқушылардың ақпараттық технологияға, робототехникаға, инновациялық жобаларға қызығушылығын арттыру.

Аяулым СОВЕТ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button