Жаңалықтар

Қарағандыда 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

Биыл Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тоғыз бірдей отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Бұл туралы облыстық   денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлы-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.  

Дана Байкенованың айтуынша, қазіргі таңда Қарағандыдағы ірі емханаларға 80-90 мың адам тіркелген. Олардың жүктемесін азайту және медициналық көмектің сапасын арттырып, қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Соның нәтижесінде, өткен жылы №8 емxана және «Мирас» клиникасы ашылды. Биыл тағы 9 орталық өз жұмысын бастайды. Олардың ішінде екі орталық Майқұдықта, төртеуі халық ең көп қоныстанған ауданда және Оңтүстік-Шығыста ашылады. Сонымен қатар, Теміртау мен Жезқазған қалаларында да жаңа емханалар жұмысын бастайды.

Басқа материалдар

Back to top button