Теміртауда 53 жастағы ер адамнан коронавирус анықталды
Бүгін Қарағанды облысында 1 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Теміртау қаласының 53 жастағы тұрғынынан коронавирус табылды. Ол коронавирус жұқтырған науқаспен ықтимал байланыста болған. COVID-19 анықталған кезде үй карантинінде болған», — делінген хабарламада.