АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда 50 метрлік бассейн салынады

Қарағандыда олимпиадалық стандартқа сай 50 метрлік бассейн жоқтығы жиі қозғалып келген болатын. Брифингте аймақ басшысына тілшілер тарапынан бұл сауал да жолданды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бассейн  жобасының әзірленгенін атады.

Сурет: swim-school-1.ru

– Бұл жоба – айтарлықтай қымбат жоба.  Мұнда қарастырылып отырған сома 16 миллиард теңгеден астам. Біз бассейнге лайықты орынды ұзақ таңдадық. Соның нәтижесінде триатлон саябағы ауданына тоқтадық. Құрылыстың қашан басталатыны жөнінде нақты ештеңе айта алмаймын, бюджет мүмкіндіктеріне қарай әрекет етеміз. Атап өткенімдей,  жоба– ірі, бұл арада көптеген мәселелердің шешімін табу қажет. Ия, шынымен де Қарағандыға мұндай бассейн керек-ақ. Бірақ облыстық бюджеттен бүгінгі таңда осынша қаражат бөлу – маңызды қадам, – деді аймақ басшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button