Қарағандыда 15-16 мамыр күндері су уақытша тоқтатылады

Қарағандыдағы бас сорғы стансасындағы резервуарларды дезинфекциялауға байланысты 15 мамырда ауыз су өшіріледі. Қызмет көрсетуші компания тұтынушыларға екі тәулікке жететін ауыз су қорын жинап қоюды ұсынады.

«Қарағанды Су» ЖШС-нің ақпараты бойынша, су беру Мамыраев (Восток-5), «Көгілдір тоған» шағын аудандары, Жаңа қала,
Михайловка, Үлкен Михайловка станциясы, Федоровка, Кирзавод 1-2, Кирзавод 3-4, Оңтүстік-Шығыс, «Күнгей» шағын ауданында,
Ақтас кентінде тоқтатылады.
«Екінші аймақ» таза су резервуарларындағы жұмыстардан кейін бас сорғы станциясының су құбыры желілерінде дезинфекциялау жалғасады. 16 мамырда ауыз су мен тамақ дайындау үшін суды пайдалануға болмайды.
Қызмет көрсетуші компания басшылығы уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі