Жаңалықтар

Қарағандыда 14 балалар технопаркі ашылады

Қарағанды облысында техникалық шығармашылыққа қызығатын балалар үшін білімдерін жетілдіруге қолайлы жағдай жасалуда. Мәселен, өткен жылы өңірде  209 робототехника зертханасы  мен 73 IT-сынып ашылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Сондай-ақ, заманауи техниканың тілін үйретуде қала балалары мен ауыл оқушылар үшін бірдей жағдайлар жасалғанын айта кеткен жөн.  

Облыстағы алғашқы төрт технпарк  Шахтинск, Қарағанды, Балқаш қалалары мен Абай ауданында ашылды. Абай ауданының Топар кентіндегі ауылшаруашылығы колледжінде ашылған технопаркке күн сайын үш жүзге тарта бала келеді. Мұнда тек топарлықтар ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың да балалары келіп, білімдерін жетілдіре алады. Зертханаларда  балалар техникалық құрастыру мен модельдеуді, бағдарламалауды, металл жонушы және темір ұстасы істері бойынша білім алады. Ұстаздар балалар жай ғана нақты бір білім мен тәжірибені алатын ескі әдістерден жаңасына көшуде. Бүгінде ғылымдарды біріктіруге бағытталған STEAM білім технологиясы енгізілуде. Ол болашақ мамандықтарды даярлауға бағытталған. 

Биыл облысымызда осындай орталықтардың саны көбейіп, тағы 14 технопарк ашу жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button