Қарағандыда 1 адам коронавирус дертінен жазылды

Бүгін Қарағанды облысында 1 адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«2001 жылы туған жас жігіт сырқаттан айықты. Ол — «Минск — Нұр-Сұлтан» рейсінің жолаушысы. Оған жеңіл дәрежедегі коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған болатын. Толық емдеу курсынан өткен соң  екі мәрте ПТР сараптамасын тапсырды. Зерттеу нәтижесі науқастың вирусты жеңгенін көрсетті. Осыдан соң, ол 14 күнге үй карантиніне жіберілді. Жалпы алғанда, облыста індетті жеңгендердің саны 37 адамға жетті», — делінген хабарламада.