Спорт

Қарағанды жастары – үшінші

   Қарағандылық жастар шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара СӘДУАҚАСОВАНЫҢ Кубогінен қола медальмен оралды.

Алғаш рет өтіп отырған турнирге 18 команда қатысты. Астана, Алматы мен Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарының құрамалары аталған спорт түрінен мықтыны анықтады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастары бірінші орынды иеленді. Екінші орын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ командасының еншісіне бұйырды. Ал, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің студенттері үшінші сатыдан көрінді.

Сондай-ақ, командалық және жекелеген сындарда ерекше өнер көрсеткен спортышалр арнайы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты рәсімге қатысқан Динара Сәдуақасова қолдау білдірген Қазақстан шахмат федерациясына, «Нұр Отан» партиясына алғысын жеткізді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button