Қарағанды тұрғындарына астаналық хирургтар бариатриялық ота жасайды
Ақпан айының соңында Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық орталығына Президент Әкімшілігі Медициналық орталығының дәрігерлері бірнеше бағыт бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Соның бірі – бариатриялық хирургия. Бұл – хирургия арқылы семіздікті емдеу әдісі. Операциялар лапароскопиялық әдіспен жасалады. Елордалық мамандар келгенге дейін ОКБ хирургтары осы оталарға мұқтаж пациенттерді таңдауы керек.
– Қазақстандағы жетекші медициналық мекемелердің бірінен мамандар келіп, түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді деп жоспарлануда. Осы шара аясында аурушаңдықты емдеуге арналған ота жасалады. Бұл косметикалық операциялар емес екенін бірден айтқым келеді. Бұл операциялар медициналық жағдай ретінде семіздікпен ауыратын науқастарға жасалады. Бірқатар жанама әсерлерді тудыратын ауру. Олардың ішінде қант диабетінің декомпенсациясы және жүрек-тамыр жүйесінің әртүрлі аурулары жиі кездеседі. Бұл бариатриялық операцияларды жақсы фигураны алуға болатын процедура ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Дене салмағының индексі 40-тан жоғары көтерілген кезде ауру семіздікке хирургиялық емдеуге көрсеткіштер пайда болады, – дейді ОКБ хирургиялық орталығының жетекшісі Борис Цхай.
Бариатриялық ота жасатқысы келетін қарағандылықтар облыстық клиникалық аурухананың хирург дәрігерінен кеңес алуы қажет. Оталар міндетті медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ