Қарағанды шахтасындағы өрт: 222 қызметкер құтқарылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өрт шыққан «Қазақстан» шахтасынан 222 адам эвакуацияланды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

– Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейерлік таспа өртенгенін хабарлаған едік. Шахтада барлығы 227 адам болған. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.