Республика күніРуханият

Қарағанды Республика күнін қалай тойлайды?

Қарағанды облысында Республика күніне орайластырылған шаралар басталып кетті. Мысалы, Қарқаралы ауданында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтіп, бұл шара челлендж ретінде қолдау тауып, өңірдің өзге облыстарында да жүргізілуде. Одан бөлек, мәдени шаралар да жалауын желбіретуде. 

Фото: Жас Алаш

Республика күніне арналған салтанатты шара 22 қазанда С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтіп, түрлі марапаттаулар болады.

Одан бөлек мерекелік, спорттық шаралар жоспарланған. Бұқар жырау, Абай аудандарында, Приозерск қаласында пәтер кілттері табыс етіліп, спорт ғимараттары ашылады деп күтілуде.

Ұлттық мереке аясында 25 қайырымды іс өтеді.

Сонымен қоса, облыс бойынша орталық саябақтарда, мәдениет үйлерінде салтанатты концерттік шаралар ұйымдастырылады. Ал, білім беру ұйымдарында 25 қазанда интеллектуалдық ойындар, дебаттар мен конкурстар өтсе, облыстың мәдени орталықтарында “Сарыжайлау” кинотеатры ұйымдастырған тақырыптық көрмелер, деректі және көркем фильмдердің қайырымдылық көшпелі көрсетілімдері өтеді.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button