Ресми

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне  Әсет Тазабеков тағайындалды.  

Әсет Нұрмұханұлы Тазабеков 1979 жылы 27 сәуірде Қарағанды облысы Шет ауданының Просторное ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «инженер-эколог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Шет ауданы Ақжал кентіндегі «Ново-Цинк» кәсіпорнында инженер-эколог лауазымынан бастады.
2005 жылы Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманы міндетін уақытша атқарды.
2005 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың шілде айына дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2007 жылдан 2011 жылға дейін осы бөлімнің бас маманы болды.
2012 жылдан бастап соңғы тағайындауға дейін Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.  

Басқа материалдар

Back to top button