Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысы
30.03.2020 №9
Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары аумақтарында алдағы карантиндік шаралар туралы
Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Асқаров Қ.Қ., Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қарағанды қаласында жаңа COVID-2019 коронавирусынан туындаған инфекция (бұдан әрі – КВИ) оқиғаларының тіркелуі туралы материалдарды қарастырып, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабының 1 тармағы 13) тармақшасы және 150 бабын, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешімін, облыста КВИ әкелінуі және таралуын ескерту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының әкімдері 2020 жылғы 02 сәуірде сағат 00.00-ден бастап:
1) карантин аймағы периметрін, оларға кіру/шығу пункттерін анықтау және тосқауыл бекеттерінің орналасуын;
2) COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қалалардың карантин аймақтарына/нан адамдардың келуі-шығуларына тыйым салынуды;
3) қала карантиніне жұмылдырылған барлық қызметтердің шектеу шараларын жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздіктері режимін, оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті заттармен әрі азық-түлікпен жабдықталуын және жеке басы тазалықтарын сақтау, тосқауыл бекеттерінде шығатын автокөліктерді дезинфекциялық өңдеуді;
4) карантиндік үй-жайларынан (үй-жай кіреберістері, провизорлық, инекциялық, карантиндік бөлімшелер және т.б.) түзілген қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған бөлек контейнерлердерді орналастыруды қамтамасыз етсін. Аталған қалдықтарды арнайы көлікпен, контейнерлерді дезинфекциялай отырып шығарылуы, ал олардың жойылуы – қауіпті медициналық қалдықттарды жоюға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізуді;
5) қоғамдық көлік кезең-кезеңімен тоқтатылуын қамтамасыз етсін.
2. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының әкімдері, «Сары-Арқа» халықаралық әуежайының басшысы, теміржол вокзалы басшысы, автовокзалдар басшылары – 2020 жылғы 02 сәуірде сағат 00.00-ден бастап теміржол вокзалдарының, автовокзалдардың, әуежайдың қызметтері (экипаждың ауысуы арқылы арнайы рейстер, жүк, пошта тасымалдары және техникалық тосқауылдарды қоспағанда) тоқтатылсын.
3. Қарағанды облысының полиция департаменті (Файзуллин Е. Ж.):
1) 2020 жылғы 02 сәуірде сағат 00.00-ден бастап карантин аймағынан/на адамдардың, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штабымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, келуін/шығуын болдырмауды;
2) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулыларымен бекітілген талаптарын және карантин режимін бұзған адамдарға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
4. Аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшылары:
1) медициналық ұйымдардың басшыларымен бірлесіп тосқауыл бекеттерінде жұмыс істеу үшін қызметшілерді бекітсін;
2) карантин аймағынан/на келетін және шығатын адамдарға тосқауыл бекеттерінде қатынассыз термометрия және сауалнама жүргізу, күн сайын мәліметтерді Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ұсыну арқылы қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Асқаров