Ресми

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы

14-Қ 20.04.2020

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескерту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Карантин жайлы және Қарағанды облысы аумағында карантин шараларын күшейту туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының 10 тармағы 15) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «Теміртау қаласының карантиндік аймағының периметрі жеке көліктің қозғалысын тоқтату арқылы белгіленсін, Теміртау аумағында рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша (Жедел әрекет ету орталығының ақпараттық жүйесінде мәліметтер болған жағдайда) ұйымдар және кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін жеке автокөлікпен таңертең сағат 06.00 бастап 09.30 дейін және кешкі сағат 17.00 бастап 21.30 дейінгі уақытта тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қозғалыстарын қоспағанда»;
2) Қаулының 10 тармағы 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «Шахтинск қаласының карантиндік аймағының периметрі белгіленсін»;
3) 10 тармақ 19) тармақшамен келесі редакцияда толықтырылсын: «Қарағанды, Саран, Шахтинск және Абай қалаларының аумақтарында жеке көлік қозғалысы тоқтатылсын, рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша (Жедел әрекет ету орталығының ақпараттық жүйесінде мәліметтер болған жағдайда) ұйымдар және кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін жеке автокөлікпен таңертең сағат 05.00 бастап 10.00 дейін және кешкі сағат 17.00 бастап 20.30 дейін уақытта тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қозғалыстарын қоспағанда».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енеді.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Қ. Асқаров

Басқа материалдар

Back to top button