Бас тақырып

Қарағанды облысында жол жөндеу жұмыстары қашан басталады?

Биыл 1 мамырдан бастап, Қарағанды облысы аумағында жол жөндеу жұмыстары басталады. Ал, ағымдағы жөндеу және кепілдік берілген учаскелерді қалпына келтіру жұмыстары 15 мамырға дейін аяқталуы тиіс. 

Жоспар бойынша, биыл облыста сапалы жолдардың саны артады. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында 25 шақырым, ал, басқа қалалар мен аудандарда 363 шақырым жол жөнделеді. Сонымен қатар, республикалық маңызға ие 882 шақырым және облыстық маңызы бар 563 шақырым жол қалпына келтірілмек. 

Жол жөндеу жұмыстары барысында Осакаров, Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарында жергілікті маңызға ие автокөлік жолдары мен көпірлерді қайта жаңғырту бағытындағы 10 жоба жүзеге аспақ.

 “Қарағанды – Саран – Шахтинск” бағытындағы күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.  

Сондай-ақ, “Новодолинка – Шахан – Молодецкое” автожолының 17 шақырымын және “Қызылорда-Павлодар” тас жолының  36 шақырымын жаңарту жұмыстары жалғасады.

Ал, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақтоғай, Шет, Қарқаралы, Осакаров және Ұлытау аудандарында 37 көше жөнделеді.

Бұл жұмыстардың барлығына 5 мыңға жуық адам мен 1500 бірлік техника жұмылдырылмақ. Ал, жөнделген жолдың сапасын  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мамандары бақылайды.

 

Басқа материалдар

Back to top button