Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағанды облысында жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦНИ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бүгін Астана уақытымен сағат 10:59-да тіркеген.

– Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 500 шақырым жерде орналасқан. Есептелген қарқындылықты (ұпаймен) сезіну мүмкін емес, – делінген хабарламада.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Балқаш қаласына жақын жерде болған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.