Қарағанды облысында жүк вагондары жолдан шығып кетті

 Төтенше жағдай көмір өндірісінің техникалық тармағы болып саналатын Шахтинск станциясы маңында болған. 

Аударылған вагондар бос болған. Әйтсе де, куәгерлердің айуынша, жерге 3 тоннаға жуық дизель отыны төгілген. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа рельстердің сынып кетуі себеп болуы мүмкін.