Медицина

Қарағанды облысында қызылшаның 448 расталған жағдайы тіркелді

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіннің мәліметінше бүгінгі таңда аймақта қызылшаның 448 расталған жағдайы тіркелген. 448 науқастың 341-і Қарағанды қаласында тұрады.

Сурет: delfi.lt сайтынан

Қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі вакцинацияланбаған адамдар арасында байқалған. Халық арасында аурудың таралуын болдырмау үшін 6 қарашадан бастап қызылшаға және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталған болатын.

– Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны кезінде 4 желтоқсандағы жағдай бойынша 9 304 адам егілді. Оның ішінде 6-11 айлық жас аралығындағы 3 438 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі тағы 3 439 бала, сондай-ақ 1 673 медицина қызметкері вакцина алды. 6 айдан 11 айға дейінгі, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар (қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан), сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық егулері жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері вакцинациялауға жатады, – дейді департамент басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында қызылшаның алғашқы жағдайлары 2023 жылдың ақпан айында тіркелген болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button