Бас тақырыпМедицина

Қарағанды облысында қызылшаға қарсы қандай вакцина салынады?

Бүгінде Қарағанды өңірінде 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері үшін иммундау жалғасуда. “Халыққа қандай вакцина егіледі?”, “Вакцинациядан кейінгі асқынулар болды?” сынды тұрғындарды толғандырған бірқатар сұрақтарға Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин Instagram парақшасындағы тікелей эфирде жауап берді.

Сурет: сайт мұрағатынан

– Қарағанды облысында қызылшаға қарсы егілген вакцина Үндістанның институты шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген вакцина. Яғни, біз бір вакцинамен бірден үш аурудан қорғанамыз. Ол Қазақстанда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялаудың Ұлттық күнтізбесі шеңберінде жоспарлы вакцинациялау үшін 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады және біздің елімізде де, әлемде де өзінің тиімділігін дәлелдеді. Вакцина өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Бұл деген оның сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Вакцина өндірушісі әлемге кеңінен танымал. Олар вакцинаны 170 – тен астам елге жеткізеді”, – деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар спикер біздің елде вакцинаны енгізуге байланысты асқынулар тіркелмегенін баса айтты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button