Коронавирус

Қарағанды облысындағы COVID-19 жаңа оқиғалары

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 49 жағдайы тіркелді.

49 адамда ПТР-зерттеу COVID-19 барын растады. Дертке шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.
Оның ішінде 32 қарағандылық, Теміртау қаласының алты тұрғыны, Саран қаласының бес тұрғыны, бір жезқазғандық және Шет ауданының бес тұрғыны бар.
Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.
Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

27 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 754 оқиға тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 204 адам сауығып кеткен. 

Басқа материалдар

Back to top button