Коронавирус
Қарағанды облысындағы COVID-19 жаңа оқиғалары
Қарағанды облысында бүгін, яғни, 25 сәуірде коронавирус инфекциясын тағы екі адамның жұқтырғаны анықталды.
Олар – 1958 жылы туған қарағандылық әйел және 1976 жылы туған Абай қаласының тұрғыны. Бұған дейін екеуі де бұрын қауіпті инфекцияны жұқтырған пациенттермен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған еді.
ПТР-талдауы оларда COVID-19 диагнозы барын растады. Екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды.
Бүгінгі таңда облыстағы ауыр індетті жұқтырған 113 адамның біреуі көз жұмды және 36 науқас шығарылды.