Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікті дамыту жоспарлануда

Қарағанды облысының тұрғындарын “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік” жобасына қатысуға шақырады. Ол бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылауды, студенттік қоғамдастықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сондай-ақ азаматтар мен еңбек ұжымдарына тегін құқықтық көмек көрсетуді көздейді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік” жобасы тамыз айында басталды. Бүгінгі таңда еріктілерді қабылдау жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер қатарына барлық ниет білдірушілер кіре алады, қатысуға жас шектеулері жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия барысында Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының қызметкерлері хабарлады.

– Жобаның мақсаты заңсыздықтарға бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ өзге де ұйымдарды еріктілер ретінде тарту болып табылады. Олар қоғамдық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер мен білім беруді жүргізетін болады. Pro bono және корпоративтік волонтерлікке тартылатын болады, – деді превенция басқармасының офицері Әкім Сақтапберген.

Сондай-ақ, отырыста мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары айтылып, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қызметі қаралды. Ермағанбет Бөлекпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейтуге шақырды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша облыс үшін бірыңғай бағдарлама және профилактикалық іс-шаралардың медиа-жоспарын құру қажет. Бұл барлық аудандар мен қалалар қалай әрекет ету керектігін білуі үшін керек, – деп атап өтті облыс әкімі. – Шын мәнінде, бұл бағытта көптеген идеялар бар. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спикерлерін бұқаралық іс-шараларға тарту, агенттіктің Call-орталығының 1424 нөмірін кофе стакандарына, қоғамдық көлікке орналастыру, кинотеатрларда профилактикалық роликтерді көрсету және т. б. Біз бұл жұмысқа жастарды белсенді түрде тартуымыз керек.

Жобаның әлеуетті еріктілері электрондық поштаға сауалнама-өтінім бере алады: pr.karaganda@antikor.gov.kz немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кеңсесі арқылы, сондай-ақ  eOtinish электрондық платформасы арқылы.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.