Жаңалықтар

Қарағанды облысында сегіз адамды үсік шалған

Қарағанды облысында қатты аяздың салдарынан сегіз адамды үсік шалған. Олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, ал, екеуі амбулаторлы түрде ем қабылдауда. Осыған байланысты, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аязды күндері сақтық шараларын күшейтіп, барынша жылы киініп жүру қажеттігін ескертті.

Синоптиктердің мәліметінше, 7 ақпанда түнгі уақытта ауа температурасы – 37-42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал, облысымыздың кей аудандарында – 42 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін. 

Басқа материалдар

Back to top button