Қарағанды облысында медицина қызметкерлеріне 168 пәтер беріледі

Алдағы жылдары Қарағанды облысында медицина қызметкерлері тапшылығы жойылады. Бұл туралы аппараттық жиында Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев мәлім етті, — деп хабарлайды Ortalyq.kz Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Аймақта бұл мәселе медицина қызметкерлеріне тұрғын үй беру бойынша шешілуде. Бұл тәжірибе өз тиімділігін көрсетті.
Ведомства мәліметінше, бүгінде облысымыздың мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 15 мыңғы жуық адам қызмет етуде: 4620 дәрігер және 10 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері. 2017-ші жылы 273 дәрігер жұмысқа орналастырылды, олардың 23-і ауылдық жерлерде. Бүгінгі таңда дәрігерлер тапшылығы 107 адамды құрайды. Сонымен қатар, облыстык медициналық мекемелерінде 250-ден астам зейнеткер жұмыстарын жалғастыруда. 
2018-ші жылы 200 жас маман келеді деп күтілуде, оның ішінде 30-ы ауылдық жерлерде. Жәнеде тапшылық бар бағыттар бойынша мамандарды интернатура мен резидентурада оқыту көзделуде. 
Бірінші болып медицина қызметкерлеріне қызметтік пәтерлер Балқаш пен Шахтинскте беріле бастады. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл тәжірибені дәрігерлер тапшылығы бар басқа қалаларда жүргізуді тапсырды. 
— Біз қызметтік тұрғын үй ұсыну арқылы мамандарды тарту және бекітудің 2018-2020 жылдарға арналған жобасы әзірленді. Аудан әкімдіктерімен бірлесе тұрғын үй салуға келетін ғимараттарды іздеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды,-дейді Ержан Нұрлыбаев.
Медицина қызметкерлеріне Абай, Шахтинск және Саран қалаларында тұрғын үйлер даярлануда. Қарағандыда 100-ден астам пәтер құру мәселесі қарастырылуда.
— 2018-2020 жылдар аралығында біз мамандарға 168 пәтер ұсына аламыз,-деді ведомства басшысы. – мамандарды тарту және бекіту бойынша кешенді шараларды жүргізу арқылы біз алдағы екі жылда аймақта дәрігерлер тапшылығын жоямыз. 
Ол сонымен қатар Балқашта 300 орындық медицина колледжінің жатақханасын қалпына келтіру жұмыстары басталғанын айтты. 
Облыс әкімі қоластындағыларға медицина қызметкерлерін тезірек тұрғын үймен қамту бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 
— Біз заманауи жабдықтарға қыруар қаржы жұмсаймыз, жаңа дәрігерлік амбулаторияларды құрамыз. Алайда жұмыс істейтін адам болмаса, мұның бәрінен еш пайда жоқ,- деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.