Жаңалықтар

Қарағанды облысында «Көктем-2020» оқу-жаттығуы өтеді

25-26 ақпан күндері елімізде «2020 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Сурет облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде Қарағанды облысының барлық аймақтарында іс-шаралар кешені өткізіледі: тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар және авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар, эвакуациялық іс-шаралар, хабарландыру жүйесін тексеру, халықты Уақытша орналастыру пункттерінің дайындығы және т. б.
Облыстық аумақтық АҚМЖ кіші жүйесінің тәжірибелік іс-шаралары Бұқар жырау ауданының Садовое ауылында өткізіледі. Авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының күштері мен құралдарының дайындығы, далалық лагерін жаю, адамдарды судан құтқару, Нұра өзеніндегі мұз жару, суды сору және т. б. жұмыстарды іс жүзінде орындау жоспарланған.
Сонымен қатар, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2020 жылғы 25 ақпанда, сағат 10.00 -де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button