Қарағанды облысында интернет жылдамдығы артады
Төтенше жағдай режимі кезінде Қарағанды облысында интернет жылдамдығы артады. Қазіргі таңда аймақтағы интернет провайдерлер деректерді беру арналарының өткізу қабілетін арттырды. Сонымен қатар, “Қазақтелеком” АҚ және “Транстелеком” компаниялары абоненттік төлем жасалмаған жағдайда да тұрғындарды байланыс қызметтерінен, интернеттен және сандық теледидардан ажыратпайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттандыру және мұрағаттар басқармасы басшысының м.а. Константин Ильницкий Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның мәлімдеуінше, “Билайн”, Кcell және “Теле2” ұялы желілерінің операторлары білім беру ресурстары мен ЖОО-ның сайттарына, электрондық анықтамалық деректер базасына, онлайн-күнделікке, электрондық білім беру порталдарына сертификатталмаған қолжетімділікті ұсынады. Бұл платформаларды трафик есебінсіз, тіпті интернет-тарифтері шектелген адамдар да тегін пайдалана алады.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 417 ауылдың 244-і кең жолақты интернетке және төртінші буындағы мобильді желіге қосылған. Биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша тағы 54 ауыл интернетке қосылады. Осыдан соң, аймақта 250 адамнан астам халқы бар 84 ауылды интернетпен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асады.