АймақБас тақырып

Қарағанды облысында инсульт орталығы ашылады

Облыста диспансерлік есепте 209 482 адам тұр. Оның ең көбі қан айналым жүйесі ауруларымен есепте.

– Аймақта қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанғандар көп екенін ескере отырып, биыл №2 көпсалалы аурухана базасында инсульт орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен бірге, ол жерде мамандандырылған консультативтік-диагностикалық орталық ашылады. Онда науқастар жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз білікті консультациялық-диагностикалық көмек алады. Сондай-ақ, Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана базасында тері арқылы емдеу орталығын ашу жоспарланып отыр. Осы айдан бастап Қарқаралы ауданының аудандық ауруханасында инсульт орталығы жұмыс істеп жатқанын айта кеткен жөн, – дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button