ЖаңалықтарҚарағанды
Қарағанды облысында дүниеге төртем келді
Қарағанды облысында дүниеге төртем келді. Сәбилер перзентханадан ертең шығарылады. Бұл қуанышты жаңалықпен Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлісті, – деп хабарлайды Ortalyq.kz
“Ертең 25 мамыр күні таңғы 11:00 шамасында Қарағанды облыстық перинатальдық орталықта дүниеге төрт сәби әкелген ананы перзентханадан шығарамыз. Бұл қуанышты жаңалықпен енді ғана бөлісіп отырмыз. Өйткені әйел адамның толғағы ауыр өтіп, дәрігерлер сәбилердің өмірін арашалап қалу үшін күрескен еді», – делінген хабарламада.