Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 34 жағдайы тіркелді

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 34 жағдайы тіркелді.

 

ПТР-зерттеу 34 адамда  COVID-19 барын растады. Дертке шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды. Олардың 13-і қарағандылықтар, 15-і Теміртау тұрғындары, бір Саран тұрғыны, Бұқар Жырау ауданынан бір адам және төртеуі Абай ауданынан.
Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.
Ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

28 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 788 жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 217 адам сауығып кеткен.