АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысында бүгін түнде қатты аяз күтіледі

Қазгидромет мәліметі бойынша 21-22 ақпанда түнде Қарағанды облысының аумағында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Сурет: www.drive2.ru

Осыған байланысты облыстық ТЖД барлық азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

– Елді мекендерден көлікпен және жаяу шығуды шектеңіздер!
– Ауа-райына сәйкес киініңіздер!
– Аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыздар!
– Жылыту пештерін, тұрмыстық электр және газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!
– Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшаларынан, теледидар, радио және әлеуметтік желілерден ауа-райы туралы ақпаратты қадағалаңыздар!
Барлық оқиғалар бойынша 112, 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыздар!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button